Жедел жәрдем ғимаратының тағдыры шешілді
Бұрынғы жедел жәрдем ауруханасы орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жасалатын болды
Бұл ғимарат осыдан бірнеше жыл бұрын жабылып қалған болатын. Қазынада қаржы болмаған соң, оны жөндеу мүмкін болмады. Ал ғимараттың маңы қоқысқа толып, бұзақылар терезесін шағып, есіктерін сындырып кеткен еді.
Алып ғимаратты пайдалану туралы сандаған ой айтылды. Бұған кәсіпкерлер палатасын, ШҚО денсаулық басқармасын, балабақша мен психологиялық, наркологиялық диспансерді көшіріп әкелу туралы жоспарлар болды.
Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимараттың жөнделіп, үш мекеменің көшіп келетінін айтты: олар – облыстық психоневрологиялық диспансер, Шығыс Қазақстан наркологиялық диспансері, өңірлік ЖИТС орталығы.
- Құжаттар қазір жер кадастры бөлімінде жатыр. Олар техникалық төлқұжатты растау керек, - дейді басқарма басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.
Следующая →