Бесқарағайдағы қайғылы оқиға жайлы жаңа дерек белгілі болды
Егер бес минуттай уақыт кешіккенде, 13 жасар бала көз жұмар еді
Еске сала кетейік, Курчатов қаласынан азық-түлік тиеп қайықпен Грачи ауылына қайтып келе жатып, аударылып, бір әйел көз жұмған болатын. Алты адам құтқарылған.
- Қайық жағаға небары 5 метр қалғанда төңкеріліп қалды. Ауыл тұрғындары суға кеткендерді құтқарып, жағаға алып шықты. Ал полицейлер жедел жәрдемнің келгенін күтпей-ақ 13 жасар баланы ауруханаға жеткізді. Егер бес минуттай уақыт кешіккенде, бала көз жұмар еді, - дейді ауыл тұрғыны.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Перевернулась лодка ЧП в ВКО Спасатели ВКО 



