Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +1°
$
519.61
-2.77
610.13
-2.47
¥
73.73
-0.32
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

Редакциямызға жіберілген бейнетаспада №56 маршрут иесінің жол ережесін өрескел бұзғаны байқалады. Ол бағдаршамның қызыл шамынан өтіп кетті

Куәгерлердің айтуынша, маршрут жүргізушісі графиктен қалып бара жатқанға ұқсайды, сондықтан ол осындай өрескел қателікке бой алдырған.

- Жүргізуші көлікті оңды-солды айдады. Қарсы бетке шығып, бағдаршамның қызылынан өтіп, қос сызықты кесіп өтіп, маневр жасаумен болды. Жолаушылар қорықты. Көліктерге соғылып қалуымыз мүмкін еді, - дейді автобуста отырған адамдар.

Семей қаласының тұрғындары қоғамдық көліктің бұлай жүгенсіз жүруіне үйреніп қалғандай. Өйткені полицейлер ұйымдастырған "Автобус" науқаны үш-бес күн ғана өтетіні белгілі. Ал қалған уақытта жүргізушілер қайта өз әдетіне басатын көрінеді.

Ал Семей қаласының құқық қорғау органдары бұл оқиғаның тексерусіз қалмайтындығын айтты.




Следующая →