Вандалдар Өскемен көшелеріндегі дәретханаларды қиратуда
Енді зақымдалған мүліктің барлығын қалалық әкімдіктің бюджетінен жөндеуге тура келеді
Қала тұрғындары үшін кейбір көшелерде 9.00-ден 18.00-ге дейін тегін дәретханалар қызмет етуде. Екі дәретхана Ертіс жағалауында және бір дәретханадан орталық алаң мен Протозанов даңғылында, екеуі Комендантка өзені ауданына қойылған. Бірақ олардың кейбірін вандалдар қиратып кеткен.
Следующая →
- Ол дәретханалардың ішінде тазалықты қадағалап отыратын адамдар бар, - дейді "Өскемен тәртіп" коммуналды кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова. - Дәретханаларға қағаз уақытылы жеткізіліп, құбыр жүйесін тексеретін шебер де үнемі келіп тұрады. Бірақ біреулер сол дәретханалардың бірінің есігінің тұтқасын жұлып тастаған.