Онкоскрининг өтпегендер қатерлі ісіктен ақылы емделетін болады
Мұндай шара болашақта қазақстандықтарды, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын да күтеді
Қазақстанда пациенттердің денсаулығына жауапкершілігін күшейтуді ұсынылады. Егер адам скринингтік тексеруден бас тартса, онда онкологиялық аурулардың пайда болу жағдайында ол дәрі-дәрмекті өзі сатып алуға және ақылы түрде емделуге мәжбүр болады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің 2018-2022 жж қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспары. Жоба әлі талқылануда.
- Онкологиялық аурулардың асқынған түрін емдеу ерте сатыларын емдеуге жұмсалған шығыннан бес-алты есе жоғары, - деп хабарлайды КанНИИ онкология және радиологияның баспасөз қызметі.