Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қоғам белсенділері қоқыс тарифінің көтерілгенін қаламайды

Өскеменде 1 наурыздан бастап қоқыс төлемақысы 42 пайызға дейін өскен

Тарифті көтеру туралы шешімді қалалық мәслихат депутаттары желтоқсан айында қабылдаған екен. Ал қоғам белсенділері болса, коммуналды қызмет иелері қоғам белсенділерінің пікірін тыңдамай шешім қабылдағанын айтады.

- Қаңтар айында келген түбіртектің өзінде көтерілген бағаның сомасы көрсетілген екен, - дейді "Біздің ұрпақ" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марина Соловьева.

Қоғам белсенділері тарифтің бағасы арзандата алмайтынын біледі. Тек оның не үшін қымбаттатылғанын білгісі келеді.

- 2018 жылдың наурызынан бастап қоқыс тарифі 156 теңгеден 222 теңгеге дейін өсті. Біздің шығындарымыз көп. Эксплуатация, цех шығындары көбейді, жанар-жағармай мен дизель отыны да өсті. Жұмысшылардың еңбекақысын көбейту керек, - дейді "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС директоры Жұпар Қожахметова.

Коммуналды кәсіпорын өкілдері бірнеше жыл бойы шығынға батып келген. Сондықтан Энергетика министрлігіне жүгініп, тарифті есептеуге өтініш берген.


Следующая →