Облыстағы бірде-бір сауда орны өртке дайын емес
Сауда орындарының басшыларына айыппұл салынып, кемшілікті түзетуге тапсырма берілді
Жоспардан тыс тексеріс жүргізген облыстық төтенше жағдайлар департаменті оның ресми нәтижесін жариялады. Мекеме берген ақпаратқа сүйенсек, облыстағы сауда орындарының өрт қауіпсіздігі нашар, бірде-бірі дайын емес.
- Тексерілген 67 сауда орталығының бірде-бірі жарамсыз. Өрт қауіпсіздігін толық сақтаған бірде-бірі жоқ, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Өскемен мен Семей, Зырян мен Аягөз қалаларының, Күршім, Үржар, Көкпекті ауылдарының сауда орындары тексерілді. Барлық сауда орындарына әкімшілік айыппұл салынды.