Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддерде жас жігітті қағып кеткен әкім көлігінің ішінде Қуат Тұмабаев та болған

Жазмыш кеткен 19 жастағы жігіттің әкесі енді әділет іздеп Астанаға аттанбақ

Кеше Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек КТК телеарнасында айтылған деректі растап, Қуат Тұмабаевтың оқиғаның куәгері болғанын айтты. Тіпті, қала әкімі оқиға орнына жедел жәрдем көлігін де шақырған екен. Ал жазмыш оқиғадан кейін облыс әкімі Даниал Ахметовті жағдайды өз бақылауына алатындығын хабарлаған болатын. ШҚО ІІД тергеудің құпия түрде жүргізілетіндігін айтып, жағдайға әзірше түсініктеме беруден бас тартты.

Ал қайтыс болған жігіттің әкесі әкімдердің жағдайды жасырып отырғанын айтады. Ата-ананың қолына шенеуніктер отырған көліктің қала ішінде қалай жылдам келе жатқандығы жазылып қалған бейнетіркеу камераласының мәліметтері келіп түскен. Әкім отырған көліктің артынан полиция қызметкерлері еріп жүрген.

- Біздің куәгеріміз бар. Ол Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың демалыс базасына болғанын көрген әрі әкімнің мас күйінде рөлге отырмауға көндіргенімен, ол тыңдамаған, - дейді қаза болушының әкесі Виктор Смольников.

Виктордың айтуынша, Риддер әкімінің орынбасары мен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев бір көлікке отырған. Ал рөлге мас күйінде мінген.

Бейнерегистратордан көліктің үлкен жылдамдықпен келе жатқаны байқалады. Ал оның артынан дабыл қосқан полиция көлігі еріп отырған.

- Полиция басшысы арттан ерген көліктің қуып келе жатқан көлік екендігін айтады. Алайда арттан қуып келе жатқан көлік әкімдер отырған BMW көлігінің жанармай құю стансасына келіп тоқтағанда, жолдың бойында күтіп тұрмайды ғой. Оның үстіне, куәгерлер көліктің оқиға орнынан із суытқанын айтады. Олар Өскемен қаласының әкімін басқа көлікке отырғызып, өздері содан кейін оқиға орнына қайтып оралған шығар? - дейді Виктор Смольников.

Қазір Виктор Астанада жүр. Біз хабарласқан кезде, "Нұр Отан" партиясының ғимаратына кірген екен.

- Үйде бес жасар қызым бар. Олар үйден шығуға қорқып отыр. Бізге сес көрсеткен жоқ. Бірақ достарымыз арқылы ақша, демалысқа жолдама ұсынып әуреленіп жатыр. Бірақ мен шындыққа көз жеткізгім келеді, - дейді Виктор.

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев түсініктеме беруден қашып отырған жоқ. Баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек жақын арада ресми жауап беретіндігін айтып отыр.

Жоғарыда аталған екі шенеунік те бір институтта оқыған әрі жақын дос деседі.




Следующая →