Ауыл тұрғыны үйдің ауласын күресінге айналдырған
Ұлан ауданының Таврия ауылының ортаңғы аулаларының бірі қоқысқа толып кеткен
Екіқабатты үйдің тұрғындары қыс бойы қоқыстарын аулаға тастап, маңайды күресінге айналдырған
- Былтыр көктемде де қоқыс жиналып қалған еді. Ол кезде ауыл әкімі тұрғындарды мәжбүрлеп жинатқан болатын. Биыл тағы да қайталанып отыр. Қоқыстың қалдықтары маңайға шашылып, үлкейіп барады, - дейді ауыл тұрғыны Светлана.
Ауыл тұрғындары қазір қоқысты тазалауға кірісіп кеткен. Бірі сыпырып, бірі күреп жатыр.
- Дербышева көшесінің зейнеткерлері ауласын тазалап қойды. Ал Мира мен Солнечный көшелерінің тұрғындары саусақ қимылдатқан жоқ. Ауылда қоқыс салатын контейнерлер жоқ. Сондықтан қоқыс жиналып қалып жатыр. Қыста тастап, күн жылына жинап, ауылдың шетіне апарып тастайды. Кейбірі отқа жағады, - дейді тұрғын сөзін жалғастырып.