Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +31°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
471.46
+5.94
504.79
+6.59
¥
64.92
+0.87
5.53
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өз күйеуін өлтіре жаздады

Өскемен қаласының тұрғыны құрбысының көзінше бетінен соққан күйеуінің кеудесінен екі рет пышақ жұмсаған

Жанжал түн ортасында сәтпаев даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында орын алған.

Әйел адам құрбыларымен бірге қаладағы көңіл көтеретін орындардың бірінде отырған. Күйеуі хабарласып, дереу үйге қайтуын талап еткен. Ал мас күйінде көлік тізгіндеген азаматша құрбысын алып, үйіне барған. Ал үйде күйеуі мен екі баласы болған көрінеді.

Көлікті тұраққа қойған жүргізуші құрбысын көлікте қалдырып, пәтерге өзі жалғыз көтерілген. Ал әйелі үйге келгеннен кейін күйеуі балалармен үйде отыруға құлықсыз екенін танытып, үйге қонбайтындығын айтқан. Әйелінен таксиге ақша алып, шығып кеткен. Ал есік алдындағы әйелінің көлігінде бөтен әйелдің отырғанын көріп, жанжал шығарған. Көмекке шақырған құрбысының дауысын естіген әйел дереу далаға шыққан.

Ал бойын ашу билеген ер адам әйелінің бетінен жұдырықпен соғып жіберген. Ал әйел көліктен жиналмалы пышақ алып шығып, екі рет күйеуінің кеудесінен соққы жасаған. Абырой болғанда, азамат аман қалды. 

Өскемен қалалық  №2 соты азаматшаны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Ал азаматша күйеуімен достасқан.

Следующая →