Риддердегі апат құтқарушының өмірін қиды
Құтқаркшылар кезекті шақыртуға кетіп бара жатқанда ЗИЛ-310 маркалы автокөлігі тас жол бойында аударылып қалған. Бес адам зардап шексе, біреуі мерт болды
Кеше Риддер қаласында оқыс апат орын алып, құтқарушылардың көлігі аударылып ақалды.
Құрғақ шөп өртенгендіктен құтқарушылар шақыртуға шыққан. ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Чапаев көшесімен келе жатқан автоцистерна жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Ал жеті құтқарушының бесеуі Риддер қалалық ауруханасына дереу жеткізілсе, оның бірі реаниамация бөлімінде көз жұмды. Қайтыс болған 46 жастағы ӨБҚ-4 бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғаныстың прапорщигі - Владимир Синельниковтің артында үш баласы қалды.
Бейресми ақпараттарға сүйенсек, апат кезінде тас жолда тағы бір көлік болған. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-2109 маркалы көлігі дабыл жүйесі қосылып келе жатқан құтқарушылардың көлігіне жол бермей қойған. Нәтижесінде автоцистерне аударылып кеткен. Ал сол жеңіл көлікке қазір іздеу жарияланды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері қаза болған азаматтың туғандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Владимир Синельников өте тәжірибелі маман болған. Ол өз қызмет жолында талай жас маманды тәрбиелеген білікті қызметкер.

- Ер адамның ішкі ағзалары үзіліп кеткен, ауыр жарақат алған, - деп мәлімдеді Риддер қалалық ауруханасының дәрігерлері. - Зардап шеккен екі азамат стационарлы ем қабылдауда, жағдайлары қалыпты, қауіп деңгейі – орташа. Тағы екі азамат амбулаторлы ем қабылдауға жіберілді.ЖКО байланысты ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО ТЖД да сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Следующая →