Ленин келіп, сенбілік ашты
Жарма ауданы, Әуезов кентінде екі айлық сенбілік ашылды. Ал жыл сайын өтетін бұл сенбілікті биыл тазалық пен тәртіптің символына айналған жолдас Ленин мен оның көшбасшылары келіп ашты
Театр әртістерін шақырып, кеңес көсемінің бейнесін жасап, халықтың көңілін көтеру идеясын «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» басшылығы ұсынған. Ал оған жергілікті әкімдік пен ауыл халқы қолдау білдірген.
Ленин мен көшбасшылар Газ-53 көлігіне отырып, ауылды шарлап, көше мен аула сыпырған жандарға төсбелгі тағып, демеу көрсетті. Кеңестің патриоттық әндерін шырқап, көшені ән мен жырға толтырды. Ленинмен суретке түсіп, мәз болған жанның қарасы көп болды. Халықтың көңілі қуанышқа толып, шағын ғана сенбілікті мерекеге балап жатты.
Следующая →
- Сәуірдің үшінші сенбісі - сенбілік күн. Халықты біріктіру мен еңбекке баулудың жарқын үлгісіне айналған дәстүрлі мереке. Ұмытылып бара жатқан сенбілікті қайта оятқымыз келеді. Кент тұрғындары жылда сенбілік өткізеді. Ал биылғы сенбілікті елдің көңілін қуанышқа толтырып, есте қаларлықтай қызықты етіп өткізгіміз келді, - дейді "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС директоры Юрий Овчинников.Әуезов кентінде 2700-ден аса адам тұрады. Жарма ауданы әкімі екі айлық сенбілік кезінде ауылда санитарлық тазалықты сақтау туралы қаулы қабылдаған екен. Ал ауыл әкімі қаулыны орындауға тапсырма берген.
- Көшені ластаған тұрғындарға айыппұл салынатын болады, - дейді Әуезов кентінің әкімі Ержан Сасенов.Ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер жаппай сенбілікке шығып, көше мен ауланы тазалады. Ал мектеп оқушылары мен ұстаздары өзіне бөлінген аумақты шөп-шалаңнан тазартып, бағаналарды бояса, балабақша қызметкерлері мекеме ауласын жинады. Бақыршық кәсіпорнында істейтін кент тұрғындары жұмыс киімін киіп, ауыл маңын күреді.
Ленин мен көшбасшылар Газ-53 көлігіне отырып, ауылды шарлап, көше мен аула сыпырған жандарға төсбелгі тағып, демеу көрсетті. Кеңестің патриоттық әндерін шырқап, көшені ән мен жырға толтырды. Ленинмен суретке түсіп, мәз болған жанның қарасы көп болды. Халықтың көңілі қуанышқа толып, шағын ғана сенбілікті мерекеге балап жатты.
- Жыл сайын сенбілікке шығамыз. Алайда биылғы мерекенің орны ерекше. Өйткені бұл - елдің есінде қалар шаттығы мол мейрам. Бізге үлкен серпіліс пен шабыт берді. Жұрттың бұлай топ болып жиналғанын бұрын көрмеген екенмін, - дейді ауыл тұрғыны Ернұр Мағзұмов. - Бүгін көшені тазаласақ, ертең өз ауламызды ретке келтіреміз.Ал Лениннің рөлін сомдаған облыстық драма театрдың әртісі елдің шадымен күйге бөленіп, ерекше ықылас танытарын күтпеген көрінеді.
- Бұл халықтың ықыласынан шыққан бірегей идея болды. Елдің кеудесінде шырақ боп жанған сәуле әлі өшпеген екен. Елді бірлікке шақырып, жұмыла еңбек етуге үгіттейтін күн, - дейді Роман Степенский.Ал түске дейін аула мен көше тазалаған жандар кәсіпорын қызметкерлері ұйымдастырған ыстық шәй мен тоқаштан дәм татты. Соңында белсенді еңбек еткен жандар марапатталды.