ЕуроОдақ елшісі Telegram-ның бұғатталуына байланысты пікір білдірді
Ресей адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвециясына қол қойғандықтан, бұл оның міндеттемелеріне қарсы шыққандық болып саналады
Бұл жайында 20 сәуір күні Ресейдегі ЕО елшісі Маркус Эдерер мәлімдеді.
- Telegram желісін бұғаттау – Ресейдің сөз бостандығын шектеп, адамның жеке құқығын бұзып отырғандығының көрінісі. Адам құқықтары жөніндегі конвенцияға Ресей Федерациясы да қол қойған. Конвенцияға кіргендіктен, азаматтың жеке құқықтарын қорғауға, оның жеке өмірін қорғауға міндетті, - дейді елші.
Айта кетейік, 13 сәуір күні Мәскеудің Таган соты Роскомнадзордың талап-арызын қанағаттандырып, Ресей аумағында Telegram желісін бұғаттап тастаған еді.