Өскеменде "жиһаз жасаушы" алаяқ ұсталды
Әлеуметтік желіде жиһаз құрастырамын деп хабарландыру берген азамат тұрғындардан аванс алып, кейін тайып тұрған
Қаланың жеті бірдей тұрғыны алаяққа алданып қалған. Барлығы 700 мың теңгенің қаржысын қолды қылған. Ұсталған 46 жастағы алаяқ "Одноклассники" әлеуметтік желісіне хабарландыру салып, "жиһаз жасайтындығын" жазған.
Мұны көрген тұрғындардың бірі "шеберді" үйге шақырып, жиһаздарды өлшеткен. Ал ол болса, жұмысты бастамас бұрын 200 мың теңге алдын ала төлем жасау қажеттігін ескерткен. Кейін ешқандай заңдық күші жоқ келісімшарт толтырып, тайып тұрған.
Қазіргі уақытта аталған алаяққа қатысты қылмыстық іс ашылды.