ШҚО-да ұрылардың тұрғындардың өзі ұстап полицейлердің қолына берді
Өскемен қаласының тұрғыны көрші жер үйдің маңайында күдікті адамның айналшықтап жүргенін көрген
Ал ер адам болса, көрші үйде зейнеткер қарияның тұратындығын әрі оның мұндай танысы жоқ екенін білетін еді. Сондықтан күдіктін өзі барып ұстап алған.
Кейін белгілі болғандай, бұл уақытта үйде ешкім болмаған. Соны пайдаланған бұзақы да үйді тонауға кіріскен.
- Күдікті "Тыл ардагері" медалі мен өзге де мерейтойлық төсбелгілерді ұрлап, ақша жымқырған. Қырағы көршілер қасүнемді өздері ұстап полицияға әкелді. Күдікті бұрын сотталған Павлодар облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты, - дейді ШҚО ІІД.
Тергеу амалдары кезінде бұл азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар анықталған.