"Нотр-Дам Де Пари" мюзиклі Астанада қазақ тілінде қойылмақ
ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мюзиклдің бас продюссері Н.Талармен кездесті
Кездесу "Қазақстан" орталық концерт залында өтті, деп хабарлайды "Қазақпарат" сайты.
Кездесу барысында елорда мерейтойына арналған іс-шаралар, сондай-ақ қазақ тілінде қойылатын "Нотр-Дам-Пари" мюзиклі талқыланды.
Астана театрының ұжымы үшін мұндай қойылым үлкен жауапкершілік пен жақсы тәжірибе болмақ.
- "Нотр-Дам Де Пари" мюзиклі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тосын болады деп ойлаймын және Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосатынына сенімдіміз, - деді министр.