Өскеменде қаңғыбас жануарларға кастрация жасалады
Жергілікті әкімдік қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыруға 2 млн теңгедей қаржы бөлген
Қаңғыбас жануарларды ату мәселесі бойынша қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге байланысты қалалық мәслихаттың депутаттары ветеринария бөлімімен бірге рейд жүргізген.
Рейд барысында қаңғыбас иттерді ауланып ұсталатын орындар тексеріліп, бірнеше ұсыныстар айтылған. Соның бірі - қаңғыбас иттерді ұстап стерильдеу әдісін қолдану. Бұл қаңғыбас жануарларды көбейтпеудің ең тиімді амалы.
- Біз өткен жылы 2501-ден астам қаңғыбас иттерді ауладық, ағымдағы жылдың өткен 3 айы бойынша қазірдің өзінде жануарлар 1000 бастан асып түсті. 2018 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтарды стирилдеу бойынша іс-шараларды өткізуге 2 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта конкурсты ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - дейді Өскемен қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Серікхан Сайлауханұлы.