Швецияда жолдың жаңа түрі пайда болды
Швецияда электр қозғалтқыштарының аккумуляторларын зарядтайтын әлемдегі алғашқы электрлі жол ашылды
Астана мен Стокгольм-Арланд әуежайының арасын жалғайтын жаңа жолдың ұзындығы шамамен 2 шақырымды құрайды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жол ұзындығы 50 метр болатын секцияларға бөлінеді. Көлік құралы жолаққа кірген сәтте қуат алады да, тоқтаған кезде өшеді.
Жолдың жұмысына жауапты компания директоры жолдың жаяу жүргіншілерге де қауіпсіз екендігіне сендіреді.