Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Кооператив бар, ет пен сүт аз

Былтыр облыста 432 кооператив құрылған. Алайда кейбір шаруашылық ұжымдарының жері жоқ болса, қалғандарына техника жабдықтары жетіспейді

Облыста сүт жинап, дайындаумен айналысатын 54 кооператив, мал сойып, ет дайындаумен айналысатын 236 кооператив құрылса, қалғандары мал басын асылдандыру, бал мен көкөніс өнімдерін жинау мақсатында құрылған. Алайда кооперативтер құрылғанымен, оның өнімдерін қабылдайтын орындар кейбір аудандарда ашылмай қалған. Мәселен, Бородулиха ауданы жоспар бойынша сүт қабылдайтын төрт пункт құрудың орнына үшеуін, Ұлан ауданы үшеу емес, екеуін, Катонқарағай ауданы екі сүт қабылдау пунктінің орнына бір жылдың ішінде тек біреуін ғана құрып үлгерген. Сол сынды Абай, Шемонаиха, Аягөз, Тарбағатай аудандарында да ет қабылдау орындарын жасамаған.  

Ал ет пен сүт қабылдау орындары толық ашылмай, кооперативке біріккен шаруалар табыс таба алмайтыны белгілі. 
- 2017 жылы құрылған кооперативтер 9,2 тонна сүт пен 1,1 тонна ет жинады. Етпен айналысатын кооперативтердің жартысы, сүтпен айналысатын кооперативтердің жартысына жуығы бос, жүктеме аз, - дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпбеков.
Облыс әкімі Даниал Ахметов те бұған дейін құрылған кооперативтердің жинаған ет пен сүті мардымсыз екендігін айтқан болатын. Сондықтан басқарма биыл кооперативтердің ұйымдастырушылық жұмысын арттыруды ойлап отыр. 

Кооперативтердің бұдан өзге де мәселелері бар болып шықты. Құрылған 400-ден аса кооперативтің 43-інде жер жоқ болса, 390-нан астамында техника мен жабдық жетіспейді. Биыл басқарма бұл мәселелердің кейбірін өз бетінше шешіп көрмек. Атап айтқанда, 27 кооперативті жабдықтауды ойлап отыр. Бұған 800 млн теңгеден аса қаржы бөлінбек. 

Одан бөлек, Семей қаласы, Аягөз мен Көкпектіде ет комбинаты салынып, шаруалар өсірген малдың еті шетелге шығарылмақ. Ал биыл тамызда 270 тоннадан аса сиыр еті Иран еліне жіберілуі тиіс. 
Следующая →