Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жергілікті полиция қызметі тарауы мүмкін бе?

ҚР Ішкі істер министрлігі жергілікті полиция қызметінің таралуы мүмкін екендігін айтқан болатын

Бұл полиция қызметі ішкі істер департаментінің бөлек бөлімшесі ретінде құрылатындығы айтылған.  

Дегенмен әлі жергілікті полиция қызметінің тарайтындығы жайында ресми ақпарат айтылған жоқ. Ал облыстық ішкі істер департаменті министрліктен бұл полиция қызметін тарату туралы тапсырманың әлі келіп түспегенін алға тартады. 

Елде жергілікті полиция қызметі осыдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Басты мақсат полиция қызметкерлерінің халыққа, тұрғындарға етене жақын жүруін, олармен қарым-қатынас орнатып, аймақтағы, аудандағы тәртіпті қадағалау болды. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында Жергілікті полиция қызметінің 19 аудандық және бір облыстық бөлімшесі бар. 
- Жергілікті полиция қызметіне учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция, мектеп инспекторлары, жол-патрульдік полиция, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы кіреді. Қазіргі уақытта облыс бойынша жергілікті полиция қызметінде 1500-ден аса қызметкер жұмыс істейді, - дейді ШҚО ІІД МТАБ басшысының міндетін атқарушы Әсел Нұрғазина.
Жергілікті полицияның Ішкі істер департаменті қызметкерлерінен басты айырмашылығы халықтың, әкім мен мәслихат депутаттарының алдында есеп беруінде. Яғни, жергілікті полиция қызметі департаментке де, жергілікті әкімдікке де қарайды. Мәселенің барлығы осы жерден шықса керек. Өйткені жергілікті полиция қызметкерлері әкімге ғана бағынып, ішкі істер органдарына бағынудан бас тарқан көрінеді. 

Екі полиция қызметінің арасындағы жік пен араздықты азайту үшін наурыз айында ҚР Ішкі істер министрлігі жергілікті полиция қызметінің орнына жаңадан департамент құрып, оған жергілікті полиция қызметін бөлімше ретінде қосу жөнінде ой айтқан еді. Дегенмен бұл бастама әлі жүзеге аса қойған жоқ. Өйткені облыстық ішкі істер департаменті министрліктен еш нұсқаулық түспегендігін, ал түскен жағдайда міндетті түрде хабарлайтындығын жеткізді. 
Следующая →