Ірі сауда орындарының атын жамылған алаяқтар жалған хабарлама таратуда
WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы сауда орындары өз туған күндеріне орай ақша тарту ететіндігі туралы хабар тараған
"Технодом" немесе METRO сауда дүкендерінен қомақты қаржыға ие болу үшін сілтеме бойынша өтіп, өз жақындарыңа хабарламаны тарату жеткілікті. Біз бұл недеген "батпан құйрық" екенін тексеріп көрмек болдық.
Хабарламаны алғаннан кейін, сілтеме бойынша өттік. Бірақ дүкеннің ресми парақшасына емес, басқа парақша ашылады. Сауалнамадан өтіп, хабарламаны таратсақ та ештеңе өзгермеді.
86 999 теңге ұтысты дайындаған "Технодом" дүкенінің ресми парақшасына кірсек, өтіп жатқан акция туралы онда ешқандай мәлімет жоқ.
Дәл осындай жағдай METRO толайым маркетінде де қайталанып отыр.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, бұндай жалған хабарланы таратқан азамат әкімшілік жауапқа тартылады.
Следующая →

- Бұндай хабарламаларды алаяқтар таратады. Біздің дүкенде бұндай акциялар өткізілмейді, - дейді "Технодом" менеджері.