ШҚО-да сотталушылар шет тілін, экономика негіздері мен Қазақстан тарихын оқуда
Облыстағы ОВ-156/2 түзету мекемесінің 89 сотталушысы техникалық және кәсіби білім алуда
Оқыту шарасы "Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Society needs you!" атты қоғамға бейімдеу жобасы аясында жүзеге асырылуда.
- 2017-2018 жылғы оқу жылында алты мамандық - слесарь-сантехник, фрезеровші, электр дәнекерлеуші, кран машинисі, токарь, құрылысшы-столяр бойынша 89 сотталған адам білім алуда, - дейді ШҚО бойынша аумақтық ҚАЖ департаменті ОВ-156/2 мекемесінің бөлім басшысы, полиция капитаны Р.Төлебаев.
Одан бөлек, мекеменің ақпараты бойынша, сотталғандар электротехника, еңбек күзеті, экономика негіздері, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен шет тілі, информатика, сызу, метрология, психология мен этиканы оқиды әрі дене шынықтырумен айналысады.