Облыс әкімі аймақтағы мектептердің барлығын тексеруге тапсырма берді
Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен барған Даниал Ахметов Тұғыл кентіндегі орта мектептің жағдайын сынады
Ш.Уәлиханов атындағы мектептің жағдайымен танысқан аймақ басшысы мектептегі ескі-құсқы жабдықтар мен оқу әдістемелік құралдарын көңілі толмай, бұл салаға бөлініп жатқан қомақты қаржының қайда жұмсалғандығын сұрады.
- Облыстағы мектептердің барлығын тексеру қажет. Жыл сайын білім саласын жақсартуға 106 млрд теңге қарды бөлінеді. Алайда көріп тұрғанымыздай, мынау оқу әдістемелік құралдардың мұнда тұрғанына 40 жылдай уақыт болған. Жаңа жабдықтар сатып алына ма? Алынады, әрине, - деді Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы жұмсалған қаржының қайда кеткенін әрі оған кім жауапты екенін анықтауға тапсырма берді.