Басқармаға жаңа басшы тағайындалды
ШҚО Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бұл орынға бұған дейін ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған Мұрат Мұсатаев тағайындалды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 1980 жылдары еңбек жолын бетоншы болып бастаған Мұрат Хабдылжаппарұлы артынша бірнеше жыл бойы Алматы қаласын құрылымдық жоспарлау агенттігінде басшы, 2002 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінде мемлекеттік инспектор, 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2013 жылдан бастап ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен. Одан кейін екі жыл Астана қаласындағы "Евразия" ғылыми орталығын басқарып, 2017 жылдың мамыр айында ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалған.
Следующая →

- Мұрат Хабдылжаппарұлының тәжірибелік және ұйымдастырушылық қызметте тәжірибесі мол. Талай жылдар жүріп өткен еңбек жолында өзінің жоғары білікті, сауатты жұмыскер екенін көрсете білді. Жаңа қызметте сәттілік тілейміз, - дейді жаңа басшыны таныстырған өңір басшысы Даниал Ахметов.