Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Шығыс сақшылары үш күн бойы Өскемен қаласындағы автобус жүргізушілерін жаппай тексерді
- Бірінші күннің өзінде тәртіп бұзған 160 жүргізуші ұсталды. Оның ішінде 29 жүргізуші рөлде отырып телефонмен сөйлессе, төрт жүргізуші техникалық тексеріссіз жүрген, 13 жүргізуші жылдамдықты асырған, - деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.Одан өзге, жолда маневр жасап, ереже бұзған 30 жүргізуші ұсталған. Ал кейбір автобус жүргізушілері жол ережелерін дөрекі бұзған. Мәселен, Өскеменде қызыл бағдаршамнан өтіп кеткен автобус жүргізушісінің ішімдік ішкені анықталған.
- Мас жүргізушінің автобусы айыппұл тұрақжайына жөнелтілді. Енді бұл жүргізуші көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылмақ, - дейді Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметі.