Өскемен
пасмурно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    -2°
$
525.11
546.74
¥
71.94
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Баланың өмірін құтқару үшін Өскеменде жәрмеңке өтеді

Екі апта бұрын 11 жастағы Тұмар Мырзағали аяғын баса алмай қалған, нәтижесінде қатерлі қан ауруына шалдыққаны анықталды

Ертең облыс орталығында науқас баланың еміне жол ашатын қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.

Тұмар Мырзағали Өскеменде тұрды. Бала жиі ауыра бергендіктен, дәрігерлер ата-аналасына тұрғылықты жерін өзгерту туралы кеңес берген. Кейін отбасы Алматыға көшіп барады. Бірақ бұл да көмектеспей, баланың иммунитеті күн сайын әлсірей берген. Дәрігерлер де жиі ауырудың себебін таба алмаған. Екі апта бұрын баланың дене қызуы көтеріліп, аяғын баса алмай қалған. Осылайша Тұмар 30 наурыз күні жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
- Толық тексеру Тұмарда миелобластты лейкемияның, яғни, қанның қатерлі ісігі бар екенін көрсетті, - дейді  баланың анасының Бота.

Туыстары мен достары ақша жинап, Тұмар мен оның анасы Оңтүстік Кореяға ұшып кетті.

Баланың әкесі Алматыда қалып, барлық мүлікті сатуға қойды. Алайда ол ақша жеткіліксіз. Толық емдеу құны 365 000 АҚШ долларын құрайды. 14 сәуірде "Жастар" саябағында еріктілер балаға көмектесу үшін сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін қайырымдылық жәрмеңкесін, концерт, түрлі жарыстар, жүлделер мен мастер-класстар ұйымдастырмақ.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын шақырады, себебі кез келген қаражат 11 жасар Тұмар Мырзағалиге өмір сыйлай алады.

Сонымен қатар, Сіз де қаржылық көмек бере аласыз.

Реквизиттер:

QAZKOM картасы:

5578 3427 2705 2976

Карта шоты: KZ04926020PN03633021

ЖСН 730211300316

Рамазан Найзабеков (Тұмардың әкесі)

 

"Сбербанк" картасы

4424 7710 1236 3897

Карта шоты

KZ62914CP64387200933

ЖСН 730211300316

Рамазан Найзабеков (әкесі)
Следующая →