Өнер колледжіндегі жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған
Басы әлі даудан арылмай келе жатқан ШҚО облыстық ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің жөндеу жұмыстарынан тағы да ақау табылды
Ал білім мекемесінің басшысы жұмыстың аяқталғандығы жөніндегі актіге қол қоюдан бас тартып отыр.
Сәуір айының басында облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері жұмыс тобын құрып, колледждің жөндеу жұмыстарын бағалап қайтуға барған. Ғимараттың басты жөндеу жұмыстары аяқталған. Тек оның қаншалықты сапалы жасалғандығын анықтау керек еді. Бірақ құрылыс жұмыстары екі жылға созылып кеткен ғимараттың іші тағы да жарамсыз болып шықты. Бұл жайында қоғамдық кеңес отырысында айтылды.
Следующая →
Сәуір айының басында облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері жұмыс тобын құрып, колледждің жөндеу жұмыстарын бағалап қайтуға барған. Ғимараттың басты жөндеу жұмыстары аяқталған. Тек оның қаншалықты сапалы жасалғандығын анықтау керек еді. Бірақ құрылыс жұмыстары екі жылға созылып кеткен ғимараттың іші тағы да жарамсыз болып шықты. Бұл жайында қоғамдық кеңес отырысында айтылды.
- Ғимараттың іші-сыртын, әрбір дәрісханасын тексеріп, кінәрат табылған жерлерді анықтап, суретке түсірдік. Көптеген кемшіліктер анықталды. Төрт дәрісхана мен бесінші қабаттың дәлізіне төбеден су тамшылап тұр. Су қабырғаға жайылып, оны да езіп тастаған. Бейнебақылау жүйесі мен өрт қауіпсіздігі жүйесі мүлдем жұмыс істемейді. Ал ең басты қателік - ғимараттың электр желісіне қосылмағандығы. Көрші елдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғадан сабақ алар болсақ, онда өрт қауіпсіздігі жоқ, электр желілері қосылмаған ғимаратты пайдалануға беру өте қауіпті. Сондықтан комиссия ғимараттың жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағаны туралы шешімге келді, - дейді жұмыс тобының жетекшісі Ирина Ровнякова.Жұмыс тобының бұл шешімін тыңдаған колледж директоры да ғимаратты пайдалануға беру туралы актіге қол қоюдан бас тартқан. Қоғамдық кеңес отырысына мердігер компанияның басшысы да шақырылды. Құрылыс мердігері аталған ақауларды мамыр айының аяғына дейін аяқтауға уәде берді.
- Төбенің дұрыс жөнделмегеніне біз кінәлі емеспіз. Оны бізге дейін жөндеу жұмыстарын жасаған мердігер фирма жапқан. Төбені қалай жөндеуге болатынын білеміз. Қазір жұмысшыларым дайын отыр. Тек уақыт пен қаржы керек. Электр желілерін де орнатып, ауланы абаттандырамыз. Мамыр айының соңына дейін жұмыстардың аяқталатындығына уәде беремін, - деді мердігер Бекбол Батаев.Айта кетейік, ғимарат 2016 жылдан бастап жөнделе бастаған. Ол кезде алаяқ компания ақша жымқырып, жөндеу жұмыстарын жасамай қойған. Іс сотта қаралып, жаңа мердігер тағайындалды. Бұл мердігер де өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларының аяғына дейін бітіремін деп жүріп, биыл көктемге дейін шаруаны созып жіберді.