Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғындары қаруларын өткізуде

Екі күннің ішінде облыс тұрғындары құқық қорғау органдарына келіп 30-дан аса қару тапсырған

Облыста тіркелмеген қаруды жинау науқаны әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE. Ал 10 сәуірден бастап тұрғындар барлығы 34 тегіс ұңғылы қару мен ұңғысы кесілген қару әкеліп тапсырған.

Ал кейбір тұрғындар азаматтық борышын өтеудің орнына ақша табуға тырысатын көрінеді.

- Кейбір азаматтар тіркелген қаруды әкеліп өткізбек болады. Мұндай қаруларға ақшалай сыйлық берілмейді. Тек тіркелмеген қаруларға ғана сыйақы беріледі, - дейді полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Бақыт Қайролдин.

Мәселен, Аягөз ауданындағы 77 жастағы қария бір аңшылық қаруы мен қырықтан аса патрон әкеліп тапсырған. Зейнеткердің айтуынша, мылтық оның әкесінен қалған екен. Алайда сараптама дәлелдегендей, мылтық 1962 жылы жасалған әрі үйде 40 жылдан аса уақыт бойы жатқан.

- Тіркелмеген қаруды өз еркімен әкеп тапсырған азамат қылмысқа тартылмайды. Әкелген қару тексеріліп, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар не жоғы анықталады. Егер қылмысқа қатысы жоқ болса, онда азаматқа сыйақы беріледі, - дейді полицей.

Айта кету керек, мұндай акция былтыр да өткізілген. Ол кезде барлығы 300-ге жуық қару жиналған. Ал барлығы 10 млн теңге сыйақы ретінде берілген.


Следующая →