Өскеменде шынжырға байланған қасқырды сатпақ болған тұрғын ұсталды
Қасқырды сатушы телефон арқылы жабайы аңның суретін түсіріп жіберуге әрі бұл үшін 10-15 мың теңге алуға жасқанбаған
Алайда тұрғынды табиғатты қорғау инспекторлары ұстап алды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Тұрғын он айлық қасқырды сатамын деп жарнама сайтына хабарландыру берген.
- Қасқырдың қаншығы Катонқарағайда ұсталған. Қақпанға екі күшік түскен екен. Оның бірі сонда өліп қалды. Астана қаласына көшкелі жатырмын. Сондықтан сатқалы отырмын, - дейді телефонмен сөйлескен кезде жас жігіт.
Кейін бұл хабарламаны ШҚО Табиғат ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысына хабарласқан кезімізде, қасқырдың құжаты бар не жоғын анықтау қажеттігін айтқан.
Екі сағаттан кейін бас инспектор хабарласып, тұрғынның ұсталғанын айтты.
- Ер адамның өзі де қасқырды күшік кезінде ұстап алғанын айтып, алайда оны үйде ұстауға болмайтындығын, оның үстіне, сатудың қылмыс екендігі білмейтіндігін білдірді. Аталған оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалады, - дейді мекеме басшысы Арман Есентаев.