ШҚО әкімі Глубокое ауданының басшысын сынға алды
Прогресс ауылына барған Даниал Ахметов су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарынан көңілі толмады
Облыс басшысының айтуынша, Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов жұмыс уақытын ысырап етуде.
Мәселен, су тасқынынан зардап шеккен бірнеше үйлердің иелеріне жергілікті билік өздері жөндеумен айналыспай, құрылыс материалын ғана бере салған.
- Сіз бұлай ешқашан аяқтамайсыз, жұмысқа құр барып келуді доғарыңыз, - деді Даниал Ахметов. - Мен 28-і күні келемін,оғанға дейін бәрі ойдағыдай болсын!