Үржар ауданында суға батқан адамды іздестіру тоқтатылды
Бірнеше күн бойы іздеудегі адамның туыстары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері аймақты тінтіп шықса да, нәтиже болмаған
Шығыс аймақтық аэромобильді құтқару жасағының диверлері де келді.
Шамамен 56 жастағы шопан, ат үстінде Каракол өзенінің екінші жағасына бару үшін өзенді кесіп өтпек болған.
- Қатты ағын жануарды аяғынан тайдырып, адам суға құлап түскен. Ол жылы, әрі қалың ауыр киім киіп, судан шыға алмаған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға орнынан адамның денесін табуға кейіннен Өскеменнен келген құтқарушылар көмектескен