Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде түнгі клуб күзетшісі қыздың саусағын сындырып алды

Оқиға осыдан бір жыл бұрын болған. Ал зардап шегуші күзетшінің саусақты әдейі сындырғанын дәледей алмай жүрген

Өскемен қалалық №2 сот мекемесі хабарлағандай, түнгі клубқа келген қыз тынышталмай, өзін дөрекі ұстаған. Осы кезде іске күзетші кіріскен.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, қауіпсіздік қызметінің қызметкері қызды клубтан шығарып, есікті жауып алмақ болған. Ал қыз болса, оған тіл тигізіп, полиция шақыратындығын айтқан. Дегенмен қызды итеріп жіберген күзетші есікті тарс жауып алған.

Ертеңінде ес жинаған қыз ортаңғы саусағының ауырып тұрғанын сезген. Жедел жәрдемді шақырғанда, саусақтың сынғанын білген. Клубтағы оқиғаны ой елегінен өткізіп, күзетшінің оны итеріп жібергені есіне түскен.

Ал полиция оқиғаны тексере келе, істі сотқа жіберген.

Ал сот күзетшіге 57 мың теңге айыппұл төлеуге әрі 200 мың теңге шамасында моральдық өтемақы өтеуге шешім шығарған.

Следующая →