Зырянда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 1000 орын дайындалды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында тағы да су тасқыны болады деп болжап отыр
Зырян ауданындағы құтқарушылар күндіз-түні жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 811 адам көшірілді. Төрт жүз елуден аса адам үйіне қайтты.
- Зырян ауданында әлі де қар қалың. Осы демалыста тағы да су тасқыны болуы мүмкін. Сол үшін алдын ала тасқынға қарсы дайындық жасаудамыз. Қазір қосымша мың адамға арналған эвакуациялық орын дайындалуда, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Бұқтырма өзенінде мұз жарылып, қалған өзендердің бойына бөгет салынуда.
Тақырыптар:
В Зыряновском районе подготовили места для возможной эвакуации Паводки в ВКО Аким ВКО Даниал Ахметов