Автобус жүргізушілері тексеріледі
Өскемен қаласының полицейлері автобус жүргізушілерін тексере бастады
Қалада 4-6 сәуір аралығында "Автобус" атты жедел профилактикалық шара өтеді. Соған орай, тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілерін тексеріп, жол ережелерін бұзған не бұзбағандығын анықтайды. Өйткені соңғы уақыттары автобустың кесірінен болатын жол апат оқиғалары көбейген.
Мәселен, Зырян ауданында 14 наурыз күні қайғылы жағдай болып, қайдан шыққаны белгісіз не құжаты жоқ қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған тұрғын ауруханаға түсіп, қайтыс болды.
Ал 23 наурыз күні Өскемен қаласының автобус жүргізушілері тағы бір тұрғынды қағып кетті.
Өскемен қалалық ішкі істер бөлімі хабарлағандай, бес күннен кейін тағы бір жүргізуші қала тұрғынын қағып, ауруханадан бір-ақ шығарған.