Ертіс өзенінде мұз жарылып жатыр
Оба өзені мен Таулы Үлбі өзеніндегі мұздар жарылып, Семей маңындағы Ертіс жағасына да жарылыс қойылды
Ал ШҚО ТЖД өзен маңында кезекшілік қойып, жағдайды бақылауға алған. Өскеменнен Семей қаласында төрт тонна жарылғыш зат жіберілген.
- Шемонаиха мен Глубокое ауданындағы өзендер "сабасына" түсті. Көше мен аулада қалып қалған сулар сүзіп алынуда, - дейді ШҚО ТЖД. - Ал құтқару отрядтары қазір Зырян мен Катонқарағай аудандарын бақылауға алып, басты күште осында жұмылдыруда.
Ал Берел мен Рахман бұлағы арасындағы тас жолдың маңындағы тау-қыраттардың қары түсірілген. Профилактикалық шара кезінде 16 мың текше метр қар жерге түскен.
Следующая →