Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жедел жәрдем ғимараты әлі бос тұр

Өскеменде ғимараты бос тұрған жедел медициналық жәрдем ауруханасына қандай мекемелердің көшіп келетіндігі әлі белгісіз күйде қалып отыр

Өйткені облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұл алып ғимаратқа үш бірдей мекемені - облыстық наркологиялық диспансер мен ШҚО психоневрология диспансерін және өңірлік ЖИТС орталығын орналастыру туралы биыл ұсынған ойын облыс әкімі Даниал Ахметов қолдай қоймады.

Жедел жәрдем ауруханасы қаржының жетпеуі салдарынан 2015 жылдың соңында жабылып қалған болатын. Ал "жедел жәрдем" қалалық №1 ауруханаға апарып орналастырылған. Енді бос қалған ғимаратты өзге игі мақсатта қолдану қажет болатын. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы былтыр бұл ғимаратқа өзінің мекемесі мен облыстық тері-венерология диспансері және қалалық тұтынушылар құқығын қорғау бөлімі көшірілетіндігін уәде еткен. Алайда биыл жылдың басында аталған мекемелерді емес, психоневрология диспансері мен наркодиспансерді көшіреміз деп шешкен.

Ал қаңырап қалған ғимаратты көруге барған облыс әкіміне бұл шешім еш ұнамады. Өйткені әу баста көшіріледі деп жоспарланған облыстық тері-венерология диспансерінің тізімнен шығып қалғаны еш ақылға сыймайды.

- Тері-венерология диспансерінің ғимаратын босата отырып, ол жерден балабақша ашуға болатын еді. Осылайша, тұрғындардың балабақшаға деген қажеттілігін шешуге болады. Басқа мекемелерді мұнда неліктен көшіргелі отырсыздар? Ешқандай экономикалық тиімділігін көріп отырғаным жоқ, - деді аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына.

Расында да, тері-венерология диспансері 250 балаға арналып салынып жатқан балабақшаның жаңа ғимаратына келіп орналасқан болатын. Сондықтан оны босатып, қайта балабақшаның иелігіне беруге болатын еді.

- Ал психоневрологиялық диспансердің балалар бөлімін мұнда көшіруге болады. Бұл ойыңыз ақылға қонымды. Оның бос қалған ғимаратын жөндеп, дәрігерлерге жатақхана ашуға болады, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы психоневрология диспансері мен наркодиспансерді алдағы уақытта біріктіріп, бір қызмет түрі болатындығын алға тартып, қос мекемені бір ғимаратқа көшіргілері келетіндігін жеткізді. Ал ЖИТС орталығы тар болғандықтан, бұл мекемеге де жаңа ғимарат керек көрінеді.

- Екі мекеме біріксе, біріксін. Алайда мекемелерді мақсатсыз көшіріп орналастыра беруге болмайды. Шығынды азайтып, әлеуметтік пайдасын арттыру керек, - деп ескертті аймақ басшысы.

Ендігі кезекте басқарма басшылары бос ғимаратқа бұл жолы қандай мекемелердің көшіп келетіндігін тағы да пысықтап, тағы бір ұсыныс дайындаулары керек.

Следующая →