Шығысқазақстандықтарды пара бермеуге үйрететін болады
Бүгін Өскеменде бірнеше айға созылатын жемқорлыққа қарсы марафон басталды
Марафон "Адал жол" немесе "Честный пуь" деп аталды.
Акция эстафета түрінде өткізіледі. Облыстың әр қаласы мен ауданына марафонның символы - "Адал жол" атты кітап беріледі. Кітапқа олар аймақта жасалған барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазады.
Следующая →

- Біз сыбайлас жемқорлық көрінісіне шыдамайтын қоғамды қалыптастыруға бағытталған 30-дан астам шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Буловкина. - Облыс орталығында бұл акция бүгін басталады және ол 5 сәуірге дейін жалғасады. Кейін біз бұл эстафетаны Ұлан ауданына жолдаймыз.Марафон аясында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар өтеді. Олардың ішінде: конкурстар, пікірталастар, семинарлар, КТК, лекциялар және тағы басқалар.