Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Су тасқыны кезінде ет пен тартылған етті қолдан сатып алуға болмайды

WhatsApp мессенджерлері арқылы тараған хабарламаға ветеринария бөлімінің қызметкерлері келісіп отыр

Бұған Өскемен қаласы мен облыстағы аудандарды су басып, малдардың жаппай қырылуы себеп болған. Ал мамандар өлген малдың еті нарыққа, сатылымға шығып кете ме деп алаңдап отыр.

Өскемен қаласы ветеринария бөлімі етті қолдан сатып алудың қауіпті екендігін айтады.

- Ет өнімдеріне мониторинг жасап отырамыз. Әзірше қалада өлген малдың еті сатылды деген дерек жоқ, - дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Серікхан Күдебаев. - Ауданнан келетін еттердің барлығы ветеринариялық дәрігерлердің қарауынан өтіп, анықтама жасалады. Ал қаладаға базарларда еттің құрамын тексеретін зертханалар бар. Қазір еттің жағдайы қатаң бақылауда.

Дегенмен ветеринария қызметі алдағы уақытта қалада рейд жүргізетін комиссия құрып, базарлар мен дүкендерді тексеріп шықпақ.

Егер сатылып жатқан етке күмән келтірсеңіз, онда Устинка LIVE редакциясының 8 (7232) 208-934 нөміріне хабарласып, деректермен бөліссе болады.

Ал "Өскемен-Водоканал" кәсіпорны құбырдағы судың нормаға сәйкес екендігін жеткізді.


Следующая →