Аблакет кентіндегі үйдің шатырын жел алып кетті
Аудандағы №13 мектеп жанында орналасқан шағын жер үйдің төбесін жел алып кетті
Өскемен ТЖБ хабарлағандай, жер үйдің иелері сынған шатырды алып тастап, өздері жөндей бастаған.
Зардап шегушілер жоқ. Қираған не бүлінген заттар туралы ақпарат та келіп түспеген.
Ал ШҚ АЭК кейде жерде жарықтың сөндірілгенін айтады. Алайда оған жел себеп болмаған. Жоспарлы жұмыстарды орындау үшін жарықты уақытша сөндірген.