Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылдарды ғаламтормен қамту керек

Жыл басынан бері «Цифрлы Шығыс» жобасы талқыланып келеді. Жоба аясында көптеген «ақылды» бастамалар да көтерілді

Мәселен, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, аулаларға камералар орнатып, көшелерді жарықтандыру сынды бастамалар айтылды.

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында "Цифрлы Шығыс" жобасының концепциясы облыс әкімі Даниал Ахметовтің алдында оқылды. Баяндама барысында өңір басшысы цифрландыру сұрақтарына келгенде "Шығыстың" есе жіберіп алып отырғанын да ашып айтты.

- Денсаулық сақтау басқармасы былтыр бұл сұрақ бойынша алға жылжымады. Былтыр бір миллиард теңге бөлініп, байқау ұйымдастырылса да ешқандай нәтиже көрсетпеді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, денсаулық сақтау саласын "цифрландыру" мақсатында емханалардың ішкі үрдістерін автоматтандыру көзделген. Алайда, жұмыс орнынан жылжымай отыр. Облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасына бір айлық мерзім ішінде тиісті жұмыстар бойынша есеп беруді тапсырды. Дәл осындай жағдай білім басқармасында да орын алған. Мұнымен қоса, жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі болмаса, жоба жуықта жүзеге аспайды. Ал Шығыс Қазақстанның 341 елді мекенінде ғаламтор атымен жоқ. Мамандардың айтуынша, 140 елді мекенге жуық арада ғаламтор тарту үшін 125 миллион теңге қажет.

- Ең алдымен, жоспармен танысып алу керек. Егер тұрақты ғаламтор болмаса, барлығы "қолдың кіріндей" шайылып кетпек, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Сондықтан бір ай ішінде ғаламтормен қамту жұмысының бағдарламасын құруды тапсырамын. Бір жерде ғаламторды тарту керек болса, кейбір орындарда оны күшейту керек. Үлкен жоспарлар құрып алып, оны бос қалдыруға болмайды.

Отырыс барысында облыс әкімі Өскемен мен Семей қалаларын жарықтандыруды жаңғырту сұрағын да көтерді.

- Жарықтандыру жұмыстарына Еуропалық қайта құру және даму банкінен 5,7 миллиард теңге алып отырмыз, сондықтан бұл жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге асуына мән берейік, - дейді Даниал Кенжетайұлы.

Жоба бойынша қуат үнемдейтін жарықтарды орнатып, оған бақылау жүргізудің зияткерлік жүйесін енгізу шығынды 60-70 пайызға төмендетеді.

Следующая →