Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнен Аягөзге гуманитарлы көмек жіберілді

Аягөз өзені арнасынан он есе асып, үш көпір мен 148 үйді шайып кеткен еді

Соған орай, Аягөзде Төтенше жағдай жарияланды. Ал елдің түкпір-түкпірінен Аягөзде қайғылы жағдайға душар болған халықты қолдау үшін қаржы аударылып, азық-түлік, құрылыс материалдары жіберілуде.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сүйенсек, елдің тоғыз облысында Аягөзге гуманитарлы көмек жіберуге арналған 17 қабылдау орны ашылған. Ал оның ішінде бесеуі Шығыста.

- "Нұр Отан" партиясының облыстық  филиалы мен "Жас Отан" жастар қанаты бірігіп, бірнеше күн бұрын өзінің қабылдау орындарын ашқан, - дейді әкімдік.

Ал бүгін сағат 10.00-де 11 тонна ұн, 10 тонна картоп, 6 тонна дәнді-дақыл, 2 тонна күнбағыс майы, үш тонна макарон өнімдері, шай, шаруашылық заттары тиелген жүк көлігі Өскемен қаласынан Аягөз ауданына қарай аттанды.

Судан зардап шеккен ауданға "Аягөз Болашақ" қоры арқылы 54 млн теңге көмек қаржы келіп түскен. Ал облыс әкімінің шешімімен "Парыз" қорынан ауданға 50 млн теңге аударылған болатын. 

Следующая →