ШҚО-дағы су тасқынымен күресуге павлодарлық құтқарушылар келді
Облыс орталығында және Глубокое ауданында қиын жағдай орын алды. Мұндағы адамдар өз үйлеріне орала алмауда
Өскеменде 23 адам әлі күнге дейін "Үлбі" орталығында, тағы бесеуі Крупская атындағы мектеп-интернатында, басқалары туыстарының үйінде уақытша өмір сүруге мәжбүр.
Облыстық әкімшілікке Павлодар облысының құтқарушылар тобы көмекке келді. Бір тәулікте 12 мың текше метрден астам су тартылды. Қазір негізгі күштер мен қорлар Глубокое ауданына бағытталуда. Прогресс ауылында 50-ден астам адам көшірілді. ШҚО ТЖД деректері бойынша, 49 үй және 100-ден астам аула территориялары су астында қалған.