ШҚО-да Алтай бөгеті бұзылмаған
WhatsApp желісі арқылы таралған хабарларламалар жалған ақпарат
Шығыс аймағында тағы да су тасқыны. Бұл жолы қауіпті аймаққа Глубокое ауданы кірді.
Тұрғындардың арасында Алтайдың дамбысының бұзуылуы себеп деген аудио жазбалар таралған.
Алайда, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттарды жоққа шығарды. Облыстың басты құтқарушылары мен "Шығыс су" өкілдері бірлесіп бөгетті тексеріп, жағдайдың тұрақты екендігін, төтенше жағдайдың болмағанын айтты.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаға екендігін еске салды.