ШҚО құтқарушылары: су тасқыны бақылауда
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті 23 наурыз күнгі су тасқыны қадағалауға алынғанын жеткізді
Бүгін Өскенмен қаласын, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Катонқарағай аудандарын су алып, 39 үй суда қалған болатын.
Жергілікті әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаменті бірігіп, құтқару жұмыстарын жасауда. Егер су басу қаупі туатын болса, онда 112 не 138 нөміріне, сонымен қатар 8(7232) 26-88-26, 26-88-27 нөміріне хабарласып, көмек сұрауға болады.
Өскемен қаласында ТЖ жедел штабының нөмірі: 26-35-23, 26-35-44.