Глубокое ауданын су алып, тұрғындары эвакуацияланды
Аудандағы Прогресс ауылын су алып, Өскеменнен келген құтқарушылар 25 адам мен 30 малды қауіпсіз жерге апарды
Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Тархан ауылын судан құтқаруға ат салуда. Бұл маңда жаңбыр су мен еріген қардың су екі өзенге қосылып, оның деңгейін күрт көтеріліп кетті.
Құтқарушылар тұрғындардың үйін су алса, 112 және 138 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертіп айтуда. Өзімен бірге үйдің құжатын алып шығуы керек.