Өскеменде Наурыз күні жәрмеңке өтеді
Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Металлургтер мәдениет сарайы мен Республика алаңы маңындағы Sulpak сауда үйінің алдында жәрмеңке өтеді
Жәрмеңке сағат 9.00-ден басталып 15.00-ге дейін өтпек. Бұл жолы Өскеменге Ұлан мен Көкпекті аудандарының шаруалары келіп, ет, сүт, нан, балық, көкөніс пен жеміс-жидектерді саудаламақ. Он тонна ет, алты тонна сүт, екі жарым тонна нан, үш тонна балық, төрт мың жұмыртқа әкелінеді.
Одан бөлек, жәрмеңкеге бал өнімдері де келеді. Ал бағасы базар бағасынан арзан болмақ.