Қазақстанда ішімдік қымбаттады
ҚР Премьер-министрі спирттік өнімдердің бағасын көтеру туралы қаулыға қол қойды
Қаулы қол қойылғаннан кейін 10 күннің ішінде күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, арақ пен спирттік тауарлардың бөлшек саудадағы бағасы литріне 1900 теңгеден аз болмауы керек. Арақ былтырғы жылмен салыстырғанда 200 теңгеге қымбаттады.
Бұл арақ-шарап тұтынуды азайту үшін жасалып отыр.