Өскеменде өрт болып, сегіз адам құтқарылды
Питер Коммунарлары көшесіндегі он қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртке оранған
Сағат 15.10 шамасында екі бөлмелі пәтер өртенген.
- Өрт электр өткізгіштен шығып, жанындағы жиһаздар өртенген. Өрттің ауданы бес шаршы метр. Өрт сөндірушілер жалын шыққан үйден сегіз адамды эвакуациялады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығуының екі себебі болуы мүмкін. Бірі электр құралдарының тозғандығы себеп болса, екіншіден үй иелерінің электр тоғын дұрыс пайдаланбауы себеп, - дейді Өскемен қаласы ТЖБ.
Өрт сөндірушілер, көпқабатты үйлерде өрттің щығуына, көбінесе, электр тоғына шектен тыс ауырлық түсіп кетуі себеп болады дейді.