Ертең Өскемен қаласының барлық автобустары жолға шығады
Қаланың әкімдігі барлық автобус маршруттарының үздіксіз жұмыс істеуі туралы келісімге келді
Бүгін кешке үш автопарк басшылары ертең, 17 наурызда 15 автобустық бағыт күн ортасында (9-дан 17-ге дейін) жолға шықпайтынын мәлімдеген.
Алайда, қала әкімінің баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, барлық автобустар бірдей режімде жұмыс істейтін болады.
- Қазіргі кезде автотасымалдау мәселелерін шешу үшін арнайы комиссия жұмыс істейді, оның ішінде Мемлекеттік кіріс департаментімен туындаған мәселе бар, - деп хабарлады баспасөз қызметі. - Бірақ басты мәселе - азаматтардың тыныштығы мен қолайлылық. Келіссөздер нәтижесінде автобус қозғалысына шектеу қойылмағаны туралы келісімге қол жеткізілді.
Аталған жаңалық Защита тұрғындарын қуантты. Егер билік тасымалдаушылармен ымыраға келмейтін болса, онда бұл аудан қала орталығынан толығымен оқшауланатын еді, себебі, жұмысқа тыйым салатын бағыттар тізімі осы ауданға қызмет ететін барлық бағыттарды, сондай-ақ, трамвайларды қамтиды.