КХДР мен АҚШ-тың келіссөздері Швецияда өтпек
Солтүстік Кореяның дипломаты Швецияға екі күндік сапармен келеді, онда Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы келіссөздер үшін арнайы плацдарм (тірек) дайындайды
Солтүстік Корея Сыртқы істер министрі Ри Эн Хо АҚШ Президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасындағы кездесуді дайындайтын миссиямен Швецияда.
Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды дипломаты Стокгольмге әріптесі Марго Вальстроммен екі күндік келіссөздер жүргізу үшін келеді. Швеция Солтүстік Кореядағы өз елшілігі арқылы Құрама Штаттардың, Канада мен Австралияның мүддесін білдіреді.
Швеция Сыртқы істер министрлігінде айтылғандай, министр Ри сапарының мақсаты -ядролық бағдарламалары мен баллистикалық зымыран сынақтарына байланысты Пхеньянды айыптаған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына "енгізуіне тиімді үлес қосу".